Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының Медеу ауданында су беру жүйесі қашан толық қалпына келтіріледі

Алматы, Медеу ауданы, су, ауыз су, "Алматы су" МКК, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2023 15:34 Сурет: freepik
"Алматы су" кәсіпорнының директоры Ілияс Қазиев Zakon.kz тілшісіне 2023 жылғы 2 тамыздан бастап өзендегі лайлану деңгейі нормадан аспаса, Медеу ауданында тұрақты су беруді қалпына келтіруге болатынын айтты.
Ол Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су әлі де шектеулі, яғни қажеттіліктің 50 пайызына жетпейтін көлемде беріліп жатқанын атап өтті. Өткен аптада елді мекеннің бір бөлігі үздіксіз сумен қамтамасыз етілген.
"Бүгін аудан бойынша су кешке дейін, яғни кешкі сағат 23:00-ге дейін тұрақты беріледі. Сараптама нәтижелері бойынша Кіші Алматыдағы судың сапасы күндіз төмендемесе, онда сумен қамтамасыз ету толығымен қалпына келтіріледі. Егер кешке судың сапасы нашарласа, түнгі уақытта су резервуарын толтыру және келесі күні үзіліссіз су беру үшін сағат 23:00 немесе 00:00-де суды өшіреміз", – деп түсіндірді Ілияс Қазиев.

Оның айтуынша, қазір өзендегі судың лайлығы 16 мг/дц³.

"Кеше таңертең судың таза болғанына қуандық делік, бірақ түске қарай ыстық басыла салысымен белсенді еру басталып, кешке қарай судың лайлығы шамамен 160 мг/дм³ болды", - деді Ілияс Қазиев.

Алматының Медеу ауданының оңтүстік бөлігінде су әлі де шектеулі: су кестеге сәйкес беріліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: