Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының екі ауданында суық су уақытша өшіріледі

Алматы, Түрксіб ауданы, суық су, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 11:40 Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 9 қарашада Алматының екі секторында суық су уақытша өшіріледі. Бұл жөнінде Zakon.kz тілшісіне "Алматы су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметі хабарлады.

Мекеме өкілдерінің мәлімдеуінше, 9 қарашада сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін:

  • Бостандық ауданында Қожанов – Гагарин – Байқадамов – Тәжібаев көшелерінің контурында;
  • Түрксіб ауданының "Шуақты" шағын ауданында су беру уақытша тоқтатылады.
"Көрсетілген қалалық секторлардағы тұтынушыларға суық суды уақытша өшіру жаңа инженерлік желілерді сумен жабдықтау жүйесіне қосу жұмыстарын жүргізуге байланысты орындалады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз"."Алматы су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметі 

Анықтама үшін телефон нөмірі: +7 727 274 66 66.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: