Алматының екі ауданында суық су уақытша ажыратылады

Алматының екі секторында суық су уақытша ажыратылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2023 14:21 Сурет: Zakon.kz
2023 жылдың 30 қарашасында Алматының Бостандық және Түрксіб аудандарында суық су өшіріледі. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне "Алматы су" МКҚК баспасөз қызметі хабарлады.

30 қарашада сағат 9:00 – ден 17:00 – ге дейін Бостандық ауданындағы Қожанов - Гагарин - Байқадамов - Жароков көшелерінің аумағында су беру уақытша тоқтатылады; ал Түрксіб ауданындағы Бехтерев, Вятка, Усачев, Монтин көшелерінде орналасқан жеке тұрғын үйлерде уақытша суық су болмайды.

Аталған қалалық секторлардағы тұтынушылардың суық судан уақытша ажыратылуы жаңа инженерлік желілерді сумен жабдықтау жүйесіне қосу және технологиялық жабдықты ауыстыру жөніндегі жұмыстарды орындаумен байланысты.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. " "Алматы су" МКК

Анықтама телефоны: +7 727 274 66 66.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: