"Ақтөбе" де "Торпедодан" ұтылды, бірақ Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты

Сурет: instagram/fcaktobe_official
"Ақтөбе" футбол клубы Кутаисидің (Грузия) "Торпедосымен" ойнап, Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойын Ақтөбеде өтіп, 2:1 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. Бұл Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта ойыны болды.

"Ақтөбе" есепті ашты. 31-минутта Максим Самородов гол соқты. Екінші таймда 58-минутта Георгий Арабидзе таразы басын теңестірсе, Ираклий Бугридзе 66-минутта шешуші голды салды.

Осыған қарамастан, екі кездесудің қорытындысы бойынша "Ақтөбе" 5:3 есебімен жеңіске жетіп, қазақстандық клубқа Лиганың үшінші іріктеу кезеңіне шығуға мүмкіндік берді.

"Ақтөбе" ЦСКА София (Болгария) – "Сепси" жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Бұған дейін "Тобыл" "Базельден" ұтылып, жалпы есепте Конференция лигасының келесі кезеңіне өткен еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады