Алматылықтар уақытша жарықсыз қалады

Сурет: pxhere
"Алатау ЖарықКомпаниясы" АҚ 7-11 тамыз аралығында Алматыда электр қуатын жоспарлы түрде өшіру кестесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Электр желілеріндегі жоспарлы жөндеу жұмыстарына сымдарды бөгде заттардан тазарту, ішінара ауыстыру кіреді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ бұл жұмыстар әдетте 1,5-2 сағаттан аспайтын мерзімде жүргізілетіні айтылады.

"Бұл жұмыстарды жүргізу кезінде белгілі бір учаскенің тұтынушыларын басқа қуат көзіне ауыстыру мүмкін болмаса, ерекше жағдайларда ғана нысандар қысқа уақытқа токтан ажыратылады". "Алатау ЖарықКомпаниясы" АҚ

Кестеге сәйкес, өшіру Төле би, Сәтбаев, Абай, Мұқанов, Құрманғазы, Байзақов көшелерінің бойындағы тұрғындарға, сондай-ақ Қарағайлы, Ақжар, Қалқаман-2, Алғабас, Жас-Қанат және т.б. ықшамаудандардың тұрғындарына әсер етеді.

Толық үзіліс кестесін мына жерден қараңыз.

2023 жылдың 20 шілдесінде Алматының үш ауданында бір сағат бойы электр жарығы үзілгені хабарланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты