Павлодарда 18 жастағы жасөспірімнен синтетикалық есірткі табылды

Сурет: ҚР ІІМ
Палодар облысы ПД-ның есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарамасының қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына күдікті 18 жастағы жұмыс істемейтін азаматты ұстады.

Күдіктіні жеке тексеру кезінде полиция қызметкерлері салмағы 28 грамм болатын 40 түйіншекті тәркіледі.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған адам қамауға алынды. Бұл қылмыс үшін 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз) деп есептеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды