Норвегиядағы су тасқыны кезінде қалқыған үй видеоға түсіп қалды

Сурет: видеодан скриншот
Норвегияның оңтүстігіндегі Хемседал қаласында су тасқыны кезінде тұрғын үйді шайып кеткен. Көпірге де құлаған қалқыған үйдің видеосын оқиға куәгерлері түсіріп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

SHOT Telegram арнасының хабарлауынша, күшті Ганс дауылынан кейін Хемседалда бөгет жартылай опырылған. Оқиғадан кейін көшкін басталды, су басқан аймақтан мыңдаған адам эвакуацияланды. Қаза болғандар туралы әзірге ақпарат түскен жоқ. Бірақ үйдің қалқып бара жатқаны туралы видео желіде тарап кетті.

Оқиға куәгерлері өзенге ағып кеткен тұрғын үйдің көпірге ұрылған сәтін түсіріп алған.


Норвегияның оңтүстігінде жауған нөсер жауынның салдарынан таулы аймақта көшкін мен су тасқыны орын алып, ағыстың төменгі жағындағы тұрғындарды эвакуациялауға мәжбүр етті, деп хабарлайды шенеуніктер. Бөгет жартылай жарылғаны айтылады. Бастапқыда билік елді мекендерді су басып кетпеу үшін Браскерейдфосс су электр станциясындағы бөгеттің бір бөлігін жару мүмкіндігін қарастырған. Полиция өкілі Фредрик Томсон журналистерге берген сұхбатында бұл идеядан құрылысты су жарып өткеннен кейін бас тартылды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді