Астанада өзгенің көлігін айдап кеткен азамат қолға түсті

Сурет: pxhere
Қала тұрғыны полицияға белгісіз біреу Е-10 көшесінің бойында Chevrolet Cobalt автокөлігін айдап кеткені туралы арызданған.

Белгілі болғандай, қожайын кілтті көлікте қалдырып, бірнеше минут бойы қараусыз қалдырған.

Қасынан өтіп бара жатқан 33 жастағы азамат осы сәтті пайдаланып, көлікті айдап кеткен.

Күдікті бірнеше шақырым жол жүргесін, салондағы телефонды қолды қылып, көлікті Сауран көшесінің бойында қалдырған. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері көлікті тауып, жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдіктіні қолға түсірген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін толық мойындады, оның астанада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы