Ақтауда синтетикалық есірткінің аса ірі мөлшерімен өңірлік есірткі курьері ұсталды

Сурет: zakon.kz
Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының ЖЭО-2 аумағындағы өнеркәсіптік аймақта Алматы облысының 22 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жiгіт туристік аймаққа "жылдамдық" синтетикалық препаратын аса ірі мөлшерде сату мақсатында келген. Қаскөй жалдамалы пәтерде тұрған.

Жеке тінту жүргізу барысында ұсталған адамнан ішінде "альфа-PvP" ("жылдамдық") синтетикалық есірткі заты бар бір үлкен қара орама тәркіленді.

Жалпы салмағы 788 грамм болып шықты. Ұсталған жігіттің айтуынша, ол курьер ретінде екі айға жуық жұмыс істеген, ал Ақтауға ірі партиялармен синтетикалық есірткі сату үшін келген.

Синтетикалық есірткіні ол Telegram мессенджеріндегі sms арқылы куратордың нұсқауы арқылы алған. ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі "Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу және сақтау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ақтау қаласының соты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады. Қылмыстық іс бойынша одан әрі жедел іс-шаралар мен тергеу әрекеттері жүргізілетін болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты