Әсет Қанағатов Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Сурет: gov.kz
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Әсет Қанағатов облыс басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әсет Серікұлы Қанағатов 1977 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын "Қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірген, заң ғылымдарының бакалавры.

Еңбек жолын Алматы облысындағы "Автотехобслуживание" ЖШС-де есепші-экономист болып бастаған. Осы жылдары Алматы облысы қаржы басқармасының жетекші маманы, басшының орынбасары, Көксу аудандық қаржы бөлімінің басшысы, Текелі қаласы экономика және қаржы бөлімінің бастығы, Текелі қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Соңғы жылдары кәсіпкерлік саласында қызмет етті. 2023 жылдың мамыр айынан бастап Жетісу аудандық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

Бұған дейін Жетісу облысы әкімінің орынбасары болған Әлібек Жақанбаев енді облыс басшысының бірінші орынбасары қызметін атқаратын болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды