Діни сауаттылықты арттыру бүгінгі күннің басты талабы: Алматы облысында 2 күндік оқыту курсы өтті

Сурет: Алматы облысының Дін істері басқармасы
Оқыту курсына Алматы облысының Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар, Ұйғыр, Райымбек, Кеген аудандары және Қонаев қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ағымдағы жылдың 15-16 тамыз күні Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында Алматы облысының дін істері басқармасының әлеуметтік тапсырыс аясында "Адам және қоғам" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мен дінтанулық сауаттылықты арттыру бағытында 2 күндік оқыту курсын өткізді.

Шараның негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспары мен дін саласын реттеуге бағытталған өзге де заңнамалық актілер негізінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру болып табылады.

Оқыту курсына Алматы облысының Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар, Ұйғыр, Райымбек, Кеген аудандары және Қонаев қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

Айта кету керек, екі күнге жалғасқан оқыту курсы өте жоғары деңгейде өтті.
Шара соңында курсқа қатысушыларға арнайы сертификаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер берілді: Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды