22-24 тамыз күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады

Сурет: unsplash
"Қазгидромет" синоптиктері 22-24 тамыз аралығында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада

22 тамызда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Елордада түнде +15+17°С, күндіз +29+31°С болады.

23 тамызда жауын-шашын болмайды, оңтүстік-батыстан соғатын жел (9-14 м/с) жалғасады. Түнде ауа температурасы +15+17°С, күндіз +30+32°С болады.

24 тамызда таңертең және күндіз синоптиктер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжайды. Оңтүстік-батыстан екпіні 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Астанада түнде +17+19°С, күндіз +28+30°С болады.

Алматыда

Алматыда 22 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел екпіні 0-5 м/с. Түнде +18+20°С, күндіз +32+34°С.

23 тамызда да жауын-шашынсыз, шығыстан екпіні 3-8 м/с болатын жел соғады, түнде +18+20°С, күндіз +32+34°С.

24 тамыз көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан екпіні 3-8 м/с жел соғады, найзағай кезінде екпіні 13 м/с болады. Түнде +18+20°С, күндіз +33+35°С.

Шымкентте

22-24 тамыз аралығында ауа райы өзгермейді деуге болады: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Екпіні 8-13 м/с жел соғады (22 тамызда оңтүстік-батыстан, 23-24 тамызда оңтүстік-шығыстан).

Қалада түнде +20+22°С, күндіз +35+37°С болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз