Биыл жұмысынан айырылған 120 мыңнан астам адам мемлекеттен әлеуметтік төлем алды

Сурет: freepik
Жыл басынан бері жұмысынан айырылған 120 мыңнан аса адам мемлекеттен әлеуметтік төлем алды. Оның 111 мыңына төлем алғаш рет тағайындалған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады, деп жазады qazaqstan.tv.

Төлем жоғалған кірістің 45 пайызына дейінгі мөлшерде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының есебінен жүзеге асырылады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын іске асыру мақсатында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жоғалған табысты алмастыру коэффициенті 40-тан 45 пайызға дейін ұлғайтылған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек