Түркістан облысының әкімі қара жамылған әулетте болды

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
22 тамызда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданында қайғылы жағдайға ұшыраған әулетке арнайы барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сырдария өзенінде орын алған оқыс оқиғадан қайғы жамылған әулеттің ата-аналарына, ет жақындарына көңіл айтты. Қайғыларына ортақтасып, құранға қатысты. Тиісті көмек көрсетіп, қажеттілігінше қолдау ұйымдастыру жүргізілетіндігін жеткізді", делінген облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетсек, 21 тамызда Отырар ауданында бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшелері дарияға демалуға келіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Бүгінде суған батқан 11 адамның 9-ы табылып, жаназасы шығарылып, жер қойнына тапсырылды.


Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


Оқыс оқиғаға орай Төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел штаб құрылып, құтқарушылар, аудан әкімдігі мен орман шаруашылығы және еріктілер жолданып, бірден іздестіру шараларына кірісті.

"Мәселе облыс басшысы Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауына алынып, тиісті үйлестіру жұмыстарын жүргізді. Облыс әкімінің екі орынбасары аталған жерде болып, тиісті көмектер ұйымдастырылды. Іздестіру шараларына жалпы 150 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылды", делінген хабарламада.


Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


Айта кетсек, Түркістан облысында Сырдарияға батқан 11 адамға қатысты ҚР ТЖМ тың мәлімет ұсынды.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді