Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адамға қатысты тың мәлімет ұсынылды

Сырдария өзеніне 11 адам батып кетті, ТЖМ, оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2023 18:39 Сурет: ҚР ТЖМ
Түркістан облысы Отырар ауданындағы Сырдария өзенінде суға батқан 11 адамның тоғызы, оның ішінде 3 әйел және 6 кәмелетке толмаған баланың денесі табылып, судан шығарылды, 2 кәмелетке толмаған баланы іздестіру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Табылған 9 марқұмға қатысты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мынандай мәлімет ұсынды:

1. әйел адам - 1983 жылғы ;

2. қыз бала - 2006 жылғы;

3. қыз бала - 2004 жылғы;

4. қыз бала - 2019 жылғы;

5. қыз бала - 2015 жылғы;

6. қыз бала - 2017 жылғы;

7. ұл бала - 2006 жылғы;

8. ұл бала - 2009 жылғы;

9. әйел адам - 1998 жылғы;

Іздестіріліп жатқан тағы екеу туралы:

1. ұл бала - 2011 жылғы;

2. қыз бала - 2013 жылғы.

Айта кетсек, демалыс күні, 21 тамызда 20 адамнан тұратын 4 отбасы өзенге барып, рұқсат етілмеген жерде шомылған.  11 адам суға кеткен. Оларды іздеу жұмыстарына барлығы 150 адам, 18 техника, 2 дрон және 6 жүзу құралы жұмылдырылды.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: