Түркістан облысында суға батып кеткен 11-адамның денесі табылды

Түркістанда суға батып кеткен 11-адамның денесі табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2023 15:40 Сурет: ҚР ТЖМ
Түркістан облысы ТЖД мәліметінше, Түркістан облысында соңғы батқан қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін сағат 14: 56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды.

Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кетті. Оның ішінде 8-і - кәмелет жасқа толмағандар. 

"ТЖМ өз қауіпсіздігіңіз бен балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайды", - деп ескертті ТЖМ.

21 тамыз күні Түркістан облысы, Отырар ауданы, Сырдария өзенінде 11 адам суға батып кетті. Құтқарушылар тоғыз адамның денесін тапты. Екі адам әлі іздестіріліп жатыр. Қайтыс болғандардың арасында төрт жасар қыз да бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: