Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

Сурет: akorda.kz
2023 жылғы 23 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Әкім Президентке Маңғыстау атом энергетикалық кешенін (МАЭК) қайта құру туралы айтып берді:

– МАЭК-ке жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін биыл 9,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 6,8 миллиард теңге МАЭК-тің инвестициялық бағдарламалары аясында, ал 2,6 миллиард теңге Маңғыстау облысы әкімдігінің резервінен бөлінген;

– Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет резервінен қажетті қондырғыларды сатып алу үшін 4,9 миллиард теңге қаржы қарастырылған.▪️Маңғыстау облысының биылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы жоспарлары туралы баяндады;

Мемлекет басшысы облыс әкіміне Маңғыстау өңірі энергетикалық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясындағы міндеттерді іске асыруды тапсырды.

Сондай-ақ Нұрлан Ноғаев президентке келесі мәселелер бойынша есеп берді. 

▪️өңірде жалпы сомасы 5,3 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба іске қосылғанын айтты;

▪️ауызсу тапшылығын шешуге қатысты тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімдеді. Бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін облыста 2025 жылға дейін 6 жоба жүзеге асырылатынын, соның нәтижесінде тұшытылған судың көлемін 146 мың текше метрге арттыру мүмкін болатынын жеткізді;

▪️Ақтау қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру жөнінде айтты;

▪️Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына (МАЭК) күрделі жөндеу жүргізу мәселелері туралы баяндады:

2023 жылдың 12 тамызында МАЭК энергоблоктарындағы апат салдарынан Маңғыстау облысындағы бірнеше ауылдың тұрғындары жарықсыз қалды. 13 тамыз күні кешке облыста энергия тұтыну ішінара шектелді, 14 тамызда жылжымалы электр қуатын өшіру енгізіліп, тұрғындардан апат жойылғанша электр энергиясын үнемдеуді сұрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті