Евгений Пригожиннің ұшақ апатынан қаза тапқаны расталды

Сурет: Telegram/Евгений Пригожин
Запорожьедегі "Мы – вместе с Россией" қоғамдық қозғалысының жетекшісі Владимир Рогов "Вагнер" жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің ұшақ апатынан қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мен жаңа ғана көрнекті "музыканттармен" (Пригожин негізін қалаған "Вагнер" жеке әскери компаниясы) сөйлестім. Олар Евгений Пригожин мен Дмитрий Уткиннің (Пригожиннің оң қолы, "Вагнер" командирі) қайтыс болғанын растады", - деп жазды Рогов Telegram-да.

Бұған дейін Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Тверь облысында Embraer бизнес-джеті апатқа ұшырағанын хабарлаған. Бортта 10 адам болған. Росавиация апатқа қатысты тергеуді бастады. Жолаушылардың арасында "Вагнер" жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің бар екені белгілі болды.

Апат болған жерден сегіз адамның мәйіті табылған.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз