Жаңалықтар тізбегі
0

Тверь облысында құлаған ұшақтың ішінде Евгений Пригожин де болған

Евгений Пригожин, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2023 23:30 Сурет: видео скрині
Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Тверь облысында Embraer бизнес ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Оқиға Куженкино ауылының маңында болған.

"Embraer ұшағы Шереметьеводан Санкт-Петербургке ұшып бара жатқан. Оның бортында 3 ұшқыш пен 7 жолаушы болған. Олардың барлығы қаза тапты", - деп хабарлады ТАСС агенттігіне дереккөз.

4 адамның мәйіті табылған.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, ұшақ жерге соғылып жанып, ол бар-жоға жарты сағаттан аз уақыт ұшқан.

Сондай-ақ Федералды әуе көлігі агенттігінің апатқа қатысты тергеуді бастағанын хабарлады. Жолаушылар арасында "Вагнер" жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин бар екені белгілі болды.


"Бүгін түнде Тверь облысында орын алған Embraer ұшағының апатына қатысты тергеу басталды. Жолаушылар тізімінде олардың арасында Евгений Пригожиннің аты-жөні де бар", - деп хабарлады департамент.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: