Таразда сейфтен 19 млн теңге ұрлаған азамат қолға түсті

Сурет: pixabay
Тараз қалалық полиция басқармасының 1-ші полиция бөліміне жергілікті ұйымның қызметкері шағымданған.

Ол белгісіз адамның кілттерді таңдау арқылы қалалық базарлардың бірінде орналасқан компанияның үй-жайына заңсыз кіріп, сейфтен 19 миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткендігі туралы хабарлаған.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Қарағанды облысының Балқаш қаласында қылмыс жасады деген күдікпен Меркі ауданының 21 жастағы тұрғынын ұстады.

Ақшалай қаражат түріндегі заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты