Атырау облысында жалған жарнама жасап, тұрғындарды алдаған топ ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Маусым айында Атырау облысы ПД криминалдық полиция ​ басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес қызметкерлері БҚО Орал қаласында қылмыстық топты ұстады.

Аталған топ OLX, Krisha.kz. парақшаларында заманауи үлгідегі үйлерді және киіз үйлерді жалға беретіндігі жайында жалған жарнама жасаған.

Бұл жарнамаға қызығушылық танытқан Атырау қаласының тұрғындарынан алдын ала төлем ретінде әртүрлі көлемдегі қаражаттарын есеп шоттарына аудартып алған.

Алаяқтық жасаған 27, 33, 28 жастағы Орал қаласының азаматтары. Қазіргі таңда азаматтардың 12 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.

ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) бойынша қылмыстык іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты