"Букмекерлік кеңсе" атын жамылған заңсыз ойын бизнесі анықталды

Сурет: unsplash
"Sport Bar" атауымен "букмекерлік кеңсе" атын жамылған заңсыз ойын бизнесі қызметін ҚМА Абай облысы бойынша Департаменті облыстық прокуратураның үйлестіруімен тоқтатты.

"STOP Ойын" шарасы аясында облыстық полиция департаментінің "Арлан" арнайы жасағымен бірлесіп, Семей қаласында екі мекенжай бойынша банкноттарды қабылдайтын және қолма-қол ақшалай ұтыс беретін терминалдар, компьютерлер, ақша және т.б. заттай айғақтар тәркіленіп алынды.

Бір топ тұлғалардың алдын ала келісімімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Айта кету керек, ҚР "Ойын бизнесі" туралы Заңына сәйкес бәс тігуді немесе жүлде беруді қолма-қол ақшамен іске асыратын букмекерлік кеңселер мен лотереялардың кассалары тек қана Алматы облысының Қапшағай су қоймасы жағалауында және Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағында орналастырылуы тиіс.

ҚМА азаматтарды патологиялық құмар ойындарға тәуелділіктен – лудоманиядан қорғау жұмысын жалғастырады.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев