Еліміздің басты қалаларына қатысты үш күнге арналған ауа райы болжамы

Сурет: freepik
Zakon.kz редакциясы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып, 27-29 тамыз аралығында Қазақстанның үш мегаполисі: Астана, Алматы және Шымкент қалаларына қатысты ауа райы болжамын ұсынады.

Астана

27 тамыз: көшпелі бұлт жүреді, аракідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы күндіз: + 19 + 21 °C, түнде: + 12 + 14 °C.

28 тамыз: аспан бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі ықтимал. Соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. Ауа температурасы күндіз: +16 + 18 °C, түнде: + 11+13 °C.

29 тамыз: көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі ықтимал. Соққан желдің күндізгі екпіні - 9-14 м/с, түнде - 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз: +18 + 20 °C, түнде: + 10+12 °C.

Алматы

27 тамыз: көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп болжанады, жел жоқ. Ауа температурасы күндіз: +23 °C, түнде: + 18 + 20 °C.

28 тамыз: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп болжанады. Соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы күндіз: +21 + 23 °C, түнде: + 16 + 18 °C.

29 тамыз: көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы күндіз: + 21 + 23 °C, түнде: + 13 + 15 °C.

Шымкент

27 тамыз: көшпелі бұлт жүреді, аракідік жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Ауа температурасы күндіз: +17 °C, түнде: + 16 + 18 °C.

28 тамыз: көшпелі бұлт жүреді, аракідік жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз: +24 + 26 °C, түнде: + 13 + 15 °C.

29 тамыз: көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы күндіз: + 28 + 30 °C, түнде: + 13 + 15 °C.

Алматы
Шымкент
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты