Конституция күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 30 тамызына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте - найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, екпінді жел, бұршақ жаууы мүмкін. Елдің оңтүстік-батысында – шаңды дауыл. Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында – тұман.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, кейде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +19+21°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +29+31°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +24+26°С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды