29 тамыздағы саудада доллар арзандады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,65 теңгеге төмендеп, 461,44 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 63,30 теңгені (-0,50) құрады.

Еуро бағамын Ұлттық банк 501,45 теңге, рубльді 4,87 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 460-463,5 теңге, еуро 498-502 теңге, ресей рублі 4,73-4,93 теңге аралығында сатылуда.

Ал 29 тамыздағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы қараша фьючерстерінің құны 0,19%-ға өсіп, барреліне 84,03 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында қазан айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,20%-ға өсіп, барреліне 80,26 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады