Астанада көлік айдап бара жатып, мастурбация жасаған таксист жазаланды

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 29 тамызда Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты таксистке қатысты істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта Instagram әлеуметтік желісінде Астана қаласының тұрғыны Б.-мен орын алған оқиғаның жарияланғандығы анықталды.

"28 тамызда Б. такси қызметін пайдаланып, артқы жолаушылар орнында болған кезде, такси жүргізушісі Р. оған айна арқылы қарап, әдепсіз әрекеттер жасағанына куә болған. Жанынан өтіп бара жатқан жүк көлігінің жүргізушісі не болып жатқанын байқап, такси жүргізушісіне айқайлаған, ал Б. өз кезегінде оқиғаны видеоға түсіріп, Instagram желісінде жариялаған". Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Одан бөлек, Р. ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны анықталды. Ол кінәсін мойындаған.

"Сот жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінуін таныды. Ал көрсетілген іс-әрекеттің кінәліге тәуелді адамға қатысты жасалғанын ауырлататын мән-жай ретінде таныды. Сот қаулыларымен Р. ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, ал 517-бабының 5-бөлігі бойынша ҚР шегінен әкімшілік шығарып жіберу түрінде әкімшілік жазаға тартылып, 10 жұмыс күні ішінде шығарылуға міндеттелді", - делінген хабарламада.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды