Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды

Сурет: Zakon.kz
"Қарасора – 2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 47 жастағы қала тұрғынын тұрғылықты мекенжайында 255 түп сора өсімдігіне ұқсас өсімдікті егіп баптағаны үшін ұстады.

Полицейлер оқиға орнында ірі есірткі алқабынан бөлек, кептірілген өзіне тән ерекше иісі бар өсімдікті анықтады.

Сараптаманың қорытындысына сәйкес, олар жалпы салмағы 2,9 келіден астам кептірілген марихуана екендігі бекітілді.

Сонымен қатар 255 түп сораның жалпы салмағы сараптама қорытындысына сәйкес, 36 келі 920 грамм болып шықты.

Күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Еліміз бойынша 11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды