Астанада мешіттен телефон ұрлаған күдікті ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Астанада мешіттен телефон ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Есіл ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Атырау облысының 34 жастағы тумасын ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен қолға түсірді.

Аталған азамат тергеп тексеру барысында кешкі уақытта елордадағы мешіттердің бірінде Redmi 7 көк түсті телефонын жасырын ұрлап кеткені белгілі болды. Келтірілген шығын 80 мың теңге болған.

Қазіргі уақытта оған қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрде бұлтартпау шарасы таңдалып, заттай айғақтар тәркіленді. Күдікті өз кінәсін мойындап, оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек