Синоптиктер алдағы үш тәулікте Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болатынын айтты

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары 2023 жылғы 5-7 қыркүйек аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша, алдағы күндері тек елордада ғана жаңбыр жауады деп болжанды, еліміздің қалған екі мегаполисінде күн ашық болады.

Астанада:

5 қыркүйек – көшпелі бұлтты, ауық-ауық жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +13+15°С;

6 қыркүйек – көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +14+16°С;

7 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +16+18°С.

Алматыда:

5 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +22+24°С;

6 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +21+23°С;

7 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 3-8 жел соғады, күндіз екпіні 12 м/с болады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +23+25°С.

Шымкентте:

5 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С;

6 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С;

7 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +27+29°С.

Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды