Рудныйда полицей кішкентай баланы өлім аузынан алып қалды

Сурет: Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі
Рудныйда полицей бір жарым жасар баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, патрульдеу кезінде полицей пәтерлерді аралап жүрген. Бесінші қабаттан түсіп келе жатқан ол көмек сұраған дауысты естіп, төмен қарай жүгірген.

"Қолында баласы бар әйелді көрдім, ол бала дем алмай жатқанын айтты. Көршілер де шыға бастады. "Жедел жәрдем" шақырдым, бір күн бұрын нәресте орындықтан құлап кеткен екен", – деді полицей.

"Жедел жәрдемнің" кезекші дәрігерінің телефон арқылы берген нұсқаулығын басшылыққа алған Әділ Қадірбеков баланы құтқаруға кірісіп кеткен.

Көрсетілген көмектің арқасында бала көзін ашып, тыныс ала бастапты. Келген дәрігерлер полицейдің әрекеті дұрыс болғанын айтқан.

"Ұлымыз бір жарым жаста. Көрсетілген көмектің арқасында балам есін жиып, тыныс алды. Көп рахмет", – деді баланың әкесі.

Қазір баланың жағдайы жақсы.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз