Елордада 16 қыркүйектен 14 қазанға дейін "Жасыл Астана" дәстүрлі экологиялық айлығы өтеді. Осы жұмыс аясында қалалық қызметтерді, еңбек ұжымдарын және белсенді қала тұрғындарын жұмылдыра отырып, бірнеше коммуналдық және жалпықалалық сенбілік өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Бүгін сағат 09:00-ден бастау алған жалпықалалық сенбілікке ірі, орта және шағын бизнес өкілдері де қатысты. 200-ден астам компанияның қызметкерлері, қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар өз ұйымдары мен кеңселерінің жанындағы аумақты тазартты.
Сурет: Астана қаласы әкімдігі
14 қазанға дейін жалғасатын сенбіліктерде елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру өткізіледі.
Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Қала тұрғындары сағат 12:00-ге дейін 110 тоннаға жуық қоқыс шығарды. Сол сияқты 1200-ге жуық жасыл желек отырғызды. Отырғызылған жасыл желектердің арасында қарағаш, үйеңкі, қарағай, бұталар бар.
Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Ағаштарды жинау және отырғызу учаскелерін нақтылау үшін қала тұрғындары аудан әкімдерінің аппараттарына келесі телефон нөмірлері бойынша жүгіне алады:
- Алматы ауданы: 8 747 032 65 07;
- Байқоңыр ауданы: 8 701 553 26 27;
- Сарыарқа ауданы: 8 701 272 50 71;
- Есіл ауданы: 8 778 900 18 61;
- Нұра ауданы: 8 701 719 91 39.