Маңғыстау облысында қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері ұсталды

Сурет: ҰҚК баспасөз-қызметі
Маңғыстау облысында 18 қыркүйекте жедел операция барысында қылмыстық топтың жетекшісі мен үш мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 18 қыркүйекте Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура және полиция органдарының атсалысуымен бопсалауға, ауыр дене жарақатын салу мен заңсыз қару сақтауға күдікті топтың жолын кесті.

Операция кезінде көшбасшысы мен 3 қатысушысы ұсталып, атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.


"Қолда бар деректерге сай, олар физикалық түрде жәбір көрсету қауіпімен, облыстық және халықаралық жолдарында жеке тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерден ақшалай қаражаттар талап еткен." ҰҚК баспасөз-қызметі

Шабуылға тап болған жәбірленушілер, олардың арасында лауазымдық міндеттерін атқаруда болған Шекара қызметінің әскери қызметкері анықталған.

Соттың санкциясымен құрықталған тұлғаларға қамауда ұстау түріндегі шарасы қолданылды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды