СҚО полицейлері заң бұзушылардан 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
СҚО полицейлері 8 ай ішінде заң бұзушылардан 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіледі.

Петропавлда куәгерлердің сақтығының арқасында есірткі таратты деген күдікпен 48 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Күдікті маусым айында Шухов көшесінде есірткі жасырып жүрген. Оның әрекетін байқап қалған тұрғындар бірден полицияға хабарласты. 20 минутқа жетер-жетпес уақытта оқиға орнына СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері келді.

Жеке тінту кезінде қала тұрғынынан ішінде қызыл түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 14 полимерлік түйіншек тәркіленді. Тағы 11 түйіншек есірткі жасырып үлгерген орындардан алынды. Сараптама нәтижесіне сәйкес, бұл зат мефедрон синтетикалық есірткі заты екенін көрсетті.

"Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр", – дейді СҚО ПД ЕҚІҚБ бастығы Иван Терзиди.

Айта кетейік, 8 айдың ішінде облыста түрлі 169 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 71-і сату фактілері. Заңсыз айналымнан 728,9 келі есірткі алынды, оның 1 келіден астамы синтетикалық психотроптық заттар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі