БҚО-дағы Қайнар ауылында медициналық мекеме ашылды

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Күні кеше ғана Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданы, Қайнар ауылында тағы бір фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Қайнар ауылында 700-ден астам халық бар.

Медициналық мекеменің ашылу салтанатына облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы сәтпен құттықтады.

"Мемлекет азаматтардың денсаулығына, әсіресе, ауылдық жерлерде медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, ұлт денсаулығы – біздің басты байлығымыз. Жаңа ғимарат өңірімзде "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілген екінші нысан. Заман талабына сай жасқталған фельдшерлік-акушерлік пунктте медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған. Жаңа емдеу мекемесіндегі дәрігерлеріміз ауыл халқының денсаулығын жақсарту жолында аянбай еңбек ететініне сенімдімін",– деді Нариман Төреғалиев.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысын "Альтаир" ЖШС салып берген. Ауыл тұрғындарына амбулаториялық қызмет көрсетуге арналған медициналық мекеме орташа есеппен күніне 15 адамға дейін қабылдай алады. Медициналық мекемеде пациенттерді қарайтын, егу кабинетінен басқа фельдшерлік және акушер-гинеколог кабинеттері, сондай-ақ фильтрлік қорап пен изоляциялық палата бар. Аталмыш нысан қажетті медициналық құрал-жабдықтармен, соның ішінде залалсыздандыруға арналған құралдармен, сондай-ақ мекенжайларға баруға арналған толық медициналық көмек қобдишасымен жабдықталған.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, ұлттық жоба барлық ауылдарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету арқылы қала мен ауыл денсаулық сақтау саласындағы теңгерімсіздікті азайтуға, сондай-ақ ауыл тұрғындарына дер уақытында жедел медициналық көмек көрсетуге бағытталған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, республикадағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінің тозуы 51,6% құрайды, 33 апатты жағдайдағы мекеме бар. Жаңа медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз ету үшін еліміздің 61 медициналық колледжінде 16 570 медбике мен 17 585 фельдшер даярланады деп жоспарлануда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды