Астанада Өзбекстан азаматын өлтірді деген күдікті ұсталды

Сурет: pixabay
Астана полициясы төрт жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады. Ол кісі өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті ер адам 2019 жылдан бері Астанада жасырынып келген. Ол Өзбекстанда ауыр қылмыс жасады деген сөзден кейін бірден осында келген.

"Іздеу" рейдінің барысында полиция қызметкерлері 31 жастағы қашқынды тауып, Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамады. Алдағы уақытта оны экстрадициялау мәселесі қаралады, дейді полицейлер.

Бұған дейін Ұлытау өңірінде үш жылдан бері іздеуде жүрген адам өлтіруге оқталған үш күдіктіні полиция қызметкерлері ұстағаны белгілі болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

ҰҚК Алматы әуежайында тыйым салынған "өсімдікті" тасымалдаған шетелдік бойжеткенді құрықтады