Қазнетте арнайы әлеуметтік төлем жайлы фейк ақпарат тарауда

Сурет: Zakon.kz
БАҚ-та, мессенджерлер мен әлеуметтік желіде тарап жатқан зиянды жағдайларда жұмыс істеген азаматтар үшін алдағы уақытта 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлемдер тағайындалатындығы айтылады. Еңбек министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін нақтылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы әлеуметтік төлем тағайындауда зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндердің еңбек өтілімінің мерзіміне қатысты ақпарат шындыққа жанаспайтынын ескертеді. 

"Қазіргі таңда арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылатын шарттардың бірі ретінде жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 7 жылдан кем емес міндетті кәсіби төлемдердің болуы қарастырылуда. Бүгінгі күні мүдделі мемлекеттік органдармен, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерімен бірлесіп, осыған қатысты тәсілдердің қарастырылып жатқанын хабарлаймыз". ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Айта кетсек, Тамара Дүйсенова кеншілерге төленетін арнайы төлемнің көлемі қандай болатынын айтқан болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды