Жаңалықтар тізбегі
0

Тамара Дүйсенова кеншілерге төленетін арнайы төлемнің көлемі қанша болатынын айтты

Кенші, шахтер, арнайы төлем, Тамара Дүйсенова, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2023 21:44 Сурет: amanatpartiasy.kz
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Еңбек күніне арналған форум аясында кеншілер алатын арнайы төлемнің көлемі қанша болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысы Жолдауында 55 жасқа толған, зиянды еңбек жағдайларында кемінде 7 жыл өтілі бар және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударған адамдарға арнайы төлем төленетінін айтты.

Бұл арада тек кеншілер туралы ғана емес, сонымен бірге ауыр жұмыс жағдайында жұмыс істейтіндердің барлығы туралы сөз болып отыр.

Оның айтуынша, арнайы төлем үш жерден – бюджеттен, БЖЗҚ-дағы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының қаражаты есебінен және жұмыс берушінің есебінен өмірді жазатайым оқиғалардан сақтандыру компаниялары арқылы төленетін болады.

"Орташа есеппен 158 мың теңге деп есептелді, бірақ бұл - ең төменгі жалақы (ЕТЖ) көлемі 70 мың теңге деп алғандағысы. Менің ойымша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі есептеулерді қайта жүргізеді, өйткені 1 қаңтардан бастап ЕТЖ мөлшері 85 мың теңгені құрайды. Сондықтан оның көлемі мен айтқаннан да көп болуы мүмкін. Бірақ 158 мың теңгеден жоғары болатыны сөзсіз", - деп түсіндірді ол.

Тамара Дүйсенова бұл қаражат жалақымен қатар төленетінін атап өтті.

"Иә, оларға сондай құқық беріледі, яғни жеңіл жұмысқа ауысуына, ол арада қалмай-ақ қалуына дегендей. Бұл шара олардың кәсібімен байланысты ауруға шалдығуына немесе III топтағы мүгедектігін ескере отырып, жасалды. Яғни, олардың бірден жұмыссыз, жалақысыз қалмас үшін жасалады бұл, сонда жеңіл жұмыс жасайды, сонымен қатар арнайы төлемдер алады", деп сөзін түйіндеді Премьер-министрдің орынбасары.

Арнайы төлемдерді жұмысшы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін алады. 63 жасқа толғаннан кейін зейнетақы тағайындалады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: