СҚО-да жеті жігіт бірнеше рет мал ұрлады деген күдікпен ұсталды

Сурет: pixabay
СҚО Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бірнеше мал ұрлығын жасады деген күдікпен облыстың 18 бен 22 жас аралығындағы жеті тұрғынына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Қылмыстар биылғы жылдың жазында Есіл ауданында, тағы екі факті Мамлют және Шал ақын аудандарында жасалған. Белгісіз қылмыскерлер ауыл тұрғындарының қора-қопсыларына кіріп, қойларды ұрлаған. Бір ұрлағанда 6 бас қойды алып кетіп отырған.

Тамыз айында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер облыстың күдікті жеті тұрғынын әшкереледі. Тергеу барысында ұрланған малдың етін Петропавл қаласында сатқаны анықталды. Сатып алушыдан төрт бас қой тәркіленді.

Белгілі болғандай, малдары ұрланған тұрғындар полицияға жүгінбеген. Малдары өздері жоғалып кеткен болуы мүмкін деп ойлаған. Бірқатар фактілер тек тергеу барысында анықталды.

Бүгінгі күні істе 10 эпизод бар. Соңғысы Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 19 қыркүйек күні тіркелді.

Барлығы 31 малдың ұрланғаны белгілі болды. Күдіктілер қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігі (Мал ұрлау) бойынша тергеу жүріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды