55 мыңнан астам алматылыққа банк қызметін пайдалануға шектеу қойылады

Сурет: zakon.kz
55 мыңнан астам алматылыққа банк қызметін пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін. Себебі, олар жеке мүлік салығын әлі төлемеген.

Қалалық мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға 2 қазан күні төлем мерзімі аяқталатынын еске салды, деп жазады qazaqstan.tv.

Талапты орындамаған жағдайда банктен шот ашуға, аударым жасауға, несие рәсімдеу және басқа да қаржылық операцияларға шектеу қойылады.

Шетелге шығуға да тыйым салынбақ. Әрбір кешіктірген күн үшін 1,25 есе айыппұл салынады. Бұл салық кодексінде жазылған.

Жалпы мүлік салығын жеке үйі, пәтері, саяжай, гараж және өзге де жылжымайтын мүлкі бар тұрғындардар төлеуі қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады