Қазақстанда қоқыс шығару тарифі көтеріле ме

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
26 қыркүйекте өткен үкімет брифингінде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда қоқыс шығару тарифтерінің көтерілу мүмкіндігіне баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ерлан Нысанбаев Қазақстанда жылына орта есеппен 4,5 миллион тонна қоқыс жиналатынын хабарлады. Сонымен қатар, оның айтуынша, бүгінде қатты тұрмыстық қалдықтардың 25-27 пайызы ғана қайта өңделеді.

"Бүгінгі таңда елімізде қалдықтар мәселесі бар екенін бәріміз түсінеміз. Бүгін біз тек мамыр айынан бері 5575 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін тіркегенін хабарлаған едік. Ал шын мәнінде мәселенің бірі, әрине, тарифтерде, бизнес неге дамымай отыр. Министрлік бұл мәселені өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып қарастыруда, алдағы уақытта бұл мәселе бойынша жұмыстың нәтижесін білетін боласыз", - деп сендірді Ерлан Нысанбаев.

Қыркүйектің 26-сы күні ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев та еліміздің қай өңірінде стихиялы полигондар көп екенін айтты.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қалдықтарды шығару тарифтерін икемді етуді тапсырды, әсіресе, тарихи қалыптасқан қалдықтарды орналастыру орындары үшін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз