26 қыркүйектегі түскі саудада доллар бағамы қайтадан көтерілді

Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 2,90 теңгеге көтеріліп, 476,99 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,05 теңгеге дейін өсті (+0,28).

Еуро бағамын Ұлттық банк 504,03 теңге, рубльді 4,93 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 476,1-478,9 теңгеге, еуро 505-509,5 теңгеге, ресей рублі 4,77-4,97 теңгеге сатылуда.

Ал, 26 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы желтоқсандағы фьючерстерінің құны 1,11%-ға төмендеп, барреліне $90,86 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қарашадағы фьючерстері 1,14%-ға төмендеп, барреліне 88,66 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты