28 қыркүйектегі түскі саудада доллар бағамы бес теңгеге төмендеді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,67 теңгеге төмендеп, 477,57 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 65,88 теңгені (-0,06) құрады.

Еуро бағамын Ұлттық банк 509,71 теңге, рубльді 5 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 473,5-476,5 теңгеге, еуро 497,5-502,5 теңгеге, ресей рублі 4,77-4,97 теңгеге сатылуда.

Ал 28 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында желтоқсандағы Brent фьючерстерінің құны 0,02%-ға өсіп, барреліне 94,38 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында қараша айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,07%-ға өсіп, барреліне 93,75 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты