Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 3 қазан күні ауа райы қандай болады

Сурет: Zakon.kz
Алдағы үш күнде – 2023 жылғы 3 қазан мен 5 қазан аралығында Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қалай құбылады? Бұл туралы Zakon.kz сайтына "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі жауап берді.

Болжам бойынша елордада үсік жүріп, тұман түседі, еліміздің екі мегаполисінде күн жауын-шашынсыз болады деп болжанды.

Астанада:

3 қазан – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 3-8 м/с болады. Ауа температурасы түнде +2+4°С, топырақ бетінде -1°С үсік, күндіз +13+15°С;

4 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Шығыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, топырақ бетінде -1°С үсік жүреді, күндіз +15+17°С;

5 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +17+19°С.

Алматыда:

3 қазан – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с болады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С;

4-5 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +20+22°С.

Шымкентте:

3 қазан – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +23+25°С;

4 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +24+26°С;

5 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С.

Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы