Елордада жас жұбайлар ойын-сауық орындарында есірткі таратқан

Сурет: ҚР ІІМ
"Қарасора – 2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында елордалық полицейлер ойын-сауық орындарына есірткі жеткізумен айналысқан жас жұбайларды анықтады.

Астана тұрғынына тиесілі Mercedes-Benz автокөлігін тінту барысында салмағы 200 грамнан асатын мефедрон есірткі заты салынған қағаз қапшық, орауыш ыдыстар мен есірткі заттарын қаптауға арналған құрылғылар тәркіленген.

Одан әрі ерлі-зайыптылардың Бектұрова көшесіндегі тұрғылықты жерін тінту кезінде ас үй шкафынан салмағы 350 грамнан астам мефедрон есірткі заты бар сөмке табылған.

Тәркіленген синтетикалық мефедрон есірткінің жалпы салмағы 558 грамм немесе шамамен екі мыңнан астам бір реттік дозаны құрайтын болған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Есірткі сатушылардың бірі Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Елордалық полицейлер жыл басынан 750 есірткі қылмысын анықтап, салмағы 262 келі болатын есірткі тәркілеген, оның ішінде 43 келі "синтетика" болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады