Синоптиктер 4 қазанда Қазақстанның қай өңірінде күн ашық болатынын айтты

Сурет: pixabay
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 4 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді, соның әсерінен күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжанды. Синоптиктердің болжамынша, тек батыста және солтүстік-батыста жаңбыр жауады, ал шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республика бойынша тұман түсіп, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында екпінді жел соғады.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°C, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз +15+17°C.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +20+22°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +24+26°С.
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Сәрсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Мектептер мен колледждердегі білім беру стандарттары өзгерді