Әлемде коронавирустың жаңа түрі тарады

Сурет: pixabay
Әлемде коронавирустың жаңа түрі "Пирола" тарады. Ол "Омикрон" нұсқасының мутацияланған түрі.

Осыған байланысты Қазақстанда шектеулер енгізіле ме? Денсаулық сақтау министрлігі қандай да бір шектеулер енгізу, шекараларды жабу жоспарда жоқ деді.

Коронавирустың алдын алу үшін қажетті вакцина бар. Оны жергілікті жерлердегі емханаларда салдыруға болатынын айтты, деп жазады qazaqstan.tv.

Ғалымдардың айтуынша, "Пирола" штаммы бұрын ковидпен ауырған және екпе алған адамдарға аса қауіпті.

Мутациясы көп болғандықтан, препараттарға төзімді келеді. Министрлік жаңа штамм Қазақстанда тіркелмегенін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты