Ақмола облысының тұрғынынан заңсыз қару анықталды

Сурет: ҚР ІІМ
Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, атыс қаруын қолдану мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында 5-6 қазан аралығында Ақмола облысының аумағында "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Полицейлер заңсыз айналымнан атыс қаруын анықтау және алып қою бойынша жұмыс ұйымдастырып, оны сатып алу көздерін анықтау шараларын қабылдады.

Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне ЖПІШ барысында, Көкшетау қаласының тұрғыны атыс қаруын заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпараты келіп түсті.

Тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде облыс орталығының 41 жастағы тұрғынының гаражынан 5,6 калибрлі ТОЗ тіркелмеген шағын калибрлі мылтық тәркіленді.

Сол күні ПД ҰҚҚКБ криминалдық полиция бөлімшесімен бірлесіп Бұланды ауданының аумағында Niva автокөлігінен жергілікті тұрғынның басқаруымен тіркелмеген ұсақ калибрлі мылтық табылып, тәркіленді.

Екі факті де ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптама тағайындалды

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды