Астанадағы компьютерлік клубта телефон ұрлаған елордалық азамат құрықталды

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы аудандық ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұялы телефон ұрлады деген күдікпен 28 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында ер адам Абылай хан даңғылындағы компьютерлік клубқа келгені белгілі болды. Таңғы сағат 07:30 шамасында ол әкімшінің жұмыс орнында ұйықтап жатқанын және оның ұялы телефоны көзге көрінетін жерде тұрғанын байқаған.

Содан күдікті жақындап келіп, алдымен оның іс-әрекетін бақылап тұрған куәгерлердің бар-жоғына көз жеткізіп, содан кейін тіркеу орнынан iPhone 7 телефонын алып кеткен.

Анықталғанындай, ер адам ұрланған гаджетті елордалық кафелердің бірінде төлемнің орнына қалдырып кеткен.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды