Ауғанстанда зілзаладан 2500-ге жуық адам қаза тапты

Сурет: wikimedia
Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 жарым мыңға жақындап қалды. Сонымен қатар, кемінде 9 мыңдай адам жараланған.

6,3 баллдық зілзала елдің батысындағы Герат қаласынан 35 шақырым жерде анықталды. Жер сілкінісінен 1300-ден астам үй қираған, деп жазады qazaqstan.tv.

Талай тұрғын үйінділердің астынан әлі шығарылған жоқ. Сондықтан құрбандар саны көбеюі мүмкін.

Тағы бір айта кететін жайт, Ауғанстан халқы жер сілкінісінен жиі зардап шегеді.

Өткен жылдың маусым айында осы елдің Пактика аймағында 5,9 баллдық зілзаладан мыңнан астам адам қаза тауып, ондаған мың ауғандық баспанасыз қалған болатын.

Ауғанстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады