Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы операциясы: Ақтауда аймақтық есірткі арнасының жолы кесілді

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Маңғыстау облысында Шекара қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері прокуратураның көмегімен аймақтық есірткі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Ақтауда жүргізілген операция нәтижесінде есірткіні тасымалдап, сатты деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматы ұсталды.

"Тінту барысында 100 кг аса "марихуана" есірткі заты тәркіленді. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді." ҰҚК баспасөз қызметі

Өзге ақпараттар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

2023 жылдың 6 қазанында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері синтетикалық есірткінің екі ірі астыртын өндірісін жою бойынша операция жүргізгені белгілі болды. Бұл туралы толығырақ жоғарыдағы сілтемеден оқи аласыз.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді